Жаңалықтар

19 жастағы студент жетінші қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

19 жастағы студент жетінші қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне 67 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев хабарласып, сәбиді құтқарып қалған оқиғаның куәсі болғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Тұрғынның айтуынша, ол «Алтынбұлақ» көпқабатты тұрғын үй кешенінің 7-қабатынан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған оқиғаның куәгері болған. 21 шілде күні түстен кейін Ермекбай Тамабаев бір жасар немересімен бірге үйдің ауласында серуендеп жүрген. Кенет ол баланың даусын естиді. Қараса, 7-қабатта басы терезе торларының арасына қыстырылып қалған сәбиді байқаған. «Денесі мен қолы сыртта салбырап тұрды», - деп қорқынышпен еске алды тұрғын. Шарасыз күйге түскен қарт кіреберісте тұрған жастарды көмекке шақырған. «Жас жігіт көмекке келді. Ол соңғы күшін жинап, терезе торынан ұстап тұрған сәбиді құтқарып үлгерді. Оны қорқыныштан жүрегі ұшқан анасына тапсырды», - дейді ол. Ермекбай Тамабаев қайырымды студентке алғыс білдірді. Сәбиді құтқарған Абай атындағы педагогикалық университеттің Дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Ерасыл Архатұлы болып шықты. "Қуаныштан жүрегім жарылды, немеремді тастай алмадым. Үлгермеймін деп қорықтым. Аллаға шүкір, бала құтқарылды», - деп өз әсерімен бөлісті Ермекбай Қалиұлы. Алматы қаласы ТЖД басшылығы ҚР ТЖ министрлігіне жоғарыда аталған тұлғаларды марапаттау туралы бастама көтерді.