Жаңалықтар

Цифрлы Қазақстан: жауапсыз операторлар жауапқа тартылады

ашық дереккөзі

Цифрлы Қазақстан: жауапсыз операторлар жауапқа тартылады

Енді электронды құжаттар заң жүзінде оның қағаз түпнұсқасымен тең дәрежеде қолданылады. Ал ауылдық жерлерде ұялы байланыстың сапасы нашар болғаны үшін операторлар жауапқа тартылады деп хабарлады turkystan.kz. Цифрландыру туралы жаңа заң өз күшіне енгеннен кейін қандай өзгерістер болып жатқаны туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының IT-комитетінің төрайымы Екатерина Смышляева айтып берді. 15 шілдеде Президент «кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Депутаттың айтуынша, құжаттың маңызды тармақтарының бірі - ауылдық елді мекендердегі байланыс сапасын жақсарту. Өз кезегінде, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығының» бас директоры Рүстем Биғари мемлекеттік басқару жүйесіндегі клиентке бағдарланған тәсілге назар аударды. «Заңда алғаш рет цифрлық трансформация термині қолданылды. Мұндағы мақсат – азамат пен мемлекет арасындағы арақашықтықты барынша қысқарту. Азамат – мемлекет үшін клиент саналады. Цифрлық трансформацияның нақты мысалы – осы. Көп адам автокөлікті қайта ресімдеу үшін Kaspi.kz қосымшасын пайдаланады. Бүгінде 2 миллионға жуық адам мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармайды. Бұл – жеке сектор мен мемлекет кооперациясының бірегей үлгісі», – деді ол. Айта кетсек, заңды әзірлеуге сала мамандары мен сарапшылар, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері қатысты. Жұмыс тобында барлығы 104 адам болды. Халық қалаулылары 600-ге жуық ұсыныс енгізді.