Самокат мінген тыр жалаңаш қыз бен жігіт 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

Самокат мінген тыр жалаңаш қыз бен жігіт 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

Самокат мінген тыр жалаңаш қыз бен жігіт 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда самокат мінген тыржалаңаш жұп қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жергілікті полиция қызметінің мәліметі бойынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз және іш киімсіз самокат мінген 25 жастағы М.есімді азаматша мен 29 жастағы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өткен.
– Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы К.есімді азаматқа қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын айта кеткен жөн (ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі). Оның жолаушысы – А.есімді азаматша көліктің люгінен ұялы телефонына жалаңаш адамдардың отырғанын түсіріп алған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
https://www.youtube.com/watch?v=HN-GBCZQKJ4