Сарапшылар шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясының жұмысын бағалады

Сарапшылар шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясының жұмысын бағалады

Сарапшылар шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясының жұмысын бағалады
ашық дереккөзі
Ресейдің Омбы аймағында өтіп жатқан «РИТМ» халықаралық жастар форумының аясында «Халықаралық медиа кеңістікті дамыту» тренд сессиясы ұйымдастырылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл сессияда «Отандастар қорының» баспасөз хатшысы Нұрымжан Қасымұлы былтыр Қазақстанда алғаш рет құрылған шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясын таныстырды. Форумға РФ Президенті жанындағы ұлтаралық қатынастар жөніндегі кеңестің мүшесі Маргарита Лянге, Орта Азиядағы қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Чижова Дарья, Тәжікстан Журналистер одағының мүшесі Насрулло Туйчизода сынды медиа саласының эксперттері қатысты. Олар қазақтілді БАҚ ассоциациясының жұмысын тыңдап, мазмұны мен бүгінгі қоғамдағы маңыздылығының жоғары екенін айтты. Сонымен қатар форумда Орталық Азия мемлекеттеріндегі медиа саласының дамуы барысы, ақпарат алмасудағы олқылықтары талқыланды.