Полицейді балағаттап, TikTok-қа түсірген адам жазаланды (ВИДЕО)

Полицейді балағаттап, TikTok-қа түсірген адам жазаланды (ВИДЕО)

Полицейді балағаттап, TikTok-қа түсірген адам жазаланды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қостанайда көлік жүргізуші патрульдік полицияны балағаттап, TikTok-қа түсірген. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. Жол ережесін бұзған адам екі қызметкерді видеоға түсіріп, оларға көліктен ары тұруды талап еткен. Содан кейін рөлге отырды. Қостанай облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, қостанайлық тұрғын сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторында қамалғанын хабарлады. ҚР ҚК-нің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. https://www.youtube.com/watch?v=qmy7bIBoCJo