Ауруханадан қашып кеткен адамға қатысты тың мәлімет пайда болды

Ауруханадан қашып кеткен адамға қатысты тың мәлімет пайда болды

Ауруханадан қашып кеткен адамға қатысты тың мәлімет пайда болды
ашық дереккөзі
Балқашта ер адам ауруханадан қашып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz. astanatv.kz-ке сілтеме жасап. Жан сақтау бөлімінен қашып шықтым деген азаматтың айтуынша, аты  – Қанат. «Ауруханада сұмдық жағдайлар болып жатыр» дейді ол. Қарағанды облыстық Денсаулық басқармасы ер адамның ауруханадан қашып кеткенін растады.  Дәрігерлердің айтуынша, оның ішіне және кеуде тұсына компьютерлік томография жасалған. Тексеріс барысында, өңешінде, асқазанында және өкпесінде патология анықталды дейді.
 «Бұл пациент 14 шілде күні Балқаш қаласының орталық ауруханасына түсті. Өміріне қауіп төніп тұрған, қан қысымы өте төмен болды. Пациент медициналық мекемеде болғанда агрессивті мінез танытты, жағдайым жақсы деп айқайлады. Наркоздан кейін галлюцинация болды. 16 шілдеде аурухана қызметкерлерінің жоқтығын пайдаланып, бірінші қабаттағы терезе арқылы қашып кетті», – деді Денсаулық сақтау басқармасынан.  
Қазір науқас орталық ауруханаға қайтып келген. Оны Қарағанды қаласындағы көпсалалы аурухананың онкологиялық стационарына жатқызу мәселесі қарастырылып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=TEK1djFy8XY&t=36s