Еуроодақ Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін дайындады

Еуроодақ Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін дайындады

Еуроодақ Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін дайындады
ашық дереккөзі
Ресейге қарсы шектеу шараларының жаңа пакеті энергетикалық ресурстардан кейінгі ресейлік экспорттың ең маңызды элементі болып табылатын «алтынды» тікелей және жанама импорттауға, сатып алуға немесе беруге тыйым салынады деп хабарлады turkystan.kz euronews баслымына сілтеме жасап. Бұл талап Ресейден шыққан және елден экспортталатын алтынға қатысты. Сондай-ақ санкциялық тізімге 50-ден астам жеке және заңды тұлға енгізілді. Олардың қатарына Мәскеу мэрі Сергей Собянин, премьер-министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусов, «Ростек» басшысы Сергей Чемезов, сондай-ақ ресейлік актерлер Владимир Машков пен Сергей Безруков және тағы басқалары енді. Еуроодақ сонымен қатар ең ірі ресейлік банкке қатысты шектеулерді күшейтпекші. Сбербанк болашақта қаражаты мен экономикалық ресурстары жабылуы мүмкін қаржы институттарының біріне айналуы керек. Аталмыш банкке енді қаражат немесе экономикалық ресурстар беруге рұқсат жоқ. Бұған ауыл шаруашылығы және азық-түлік секторының өнімдерін сатумен байланысты мәмілелер жатпайды.