Елордада 23 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

Елордада 23 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

Елордада 23 шілдеден бастап карантин күшейтіледі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа өтуіне байланысты елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысы шықты деп хабарлады turkystan.kz. Қаулыда төмендегі шектеу шаралары ұсынылды: – адам көп жиналатын орындарда (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер, стадиондар және басқа да спорт нысандары), ұйымдасқан ұжымдарда және қалалық қоғамдық көлікте бетперде кию. Бес жасқа дейінгі балаларға және тамақтану кезінде маска қажет емес; – 10 адамнан асатын жиындарды (отырыстар) қашықтан өткізу форматына көшіру; – жүкті әйелдерді, денсаулығына байланысты вакцина салдыра алмайтын қызметкерлерді және коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру; – тұрғындарға коронавирусқа қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; – білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау; – адам көп жиналатын объектілерде, соның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; – Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына халық арасында коронавирусқа қарсы вакциналау мен ревакцинацияны жандандыру тапсырылды. Осы қаулы биыл 23 шілдеден бастап күшіне енеді.