Бұл – Қазақстанның жеңісі: Нора Джеруто

Бұл – Қазақстанның жеңісі: Нора Джеруто

Бұл – Қазақстанның жеңісі: Нора Джеруто
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Орегон қаласында өткен жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап, «алтын» алған Нора Джеруто жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті деп хабарлады  turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.
 «Әлем чемпионатында жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын, бақыттымын. Жаңа Отанымның Туымен өнер көрсету мүмкіндігін күткен едім. Әлем біріншілігінде Қазақстанға сыйлық жасап, өзімді көрсеткім келді. Бәрі сәтті болды деп ойлаймын», - деді спортшы.
Спортшы мұндай жетістікке қажырлы еңбек пен дайындықтың арқасында жеткенін айтты.
«Біріншіден, отбасыма және Қазақстанға сенім артқаны үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қазақстандық тарап айтарлықтай қолдау көрсетті және соңғы бес жыл ішінде кедергілер арқылы жүгірудің техникасы мен әдістемесін үйретті. Бұл – дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Бүгінгі нәтиже – менің ғана емес, Қазақстанның жеңісі. Мен Қазақстанда жеңіл атлетиканы одан әрі дамыту үшін барлық білімімді, тәжірибемді және күш-жігерімді жұмсауға дайынмын», - дейді жеңіл атлет.
Еліміздің намысын қорғаған желаяқ қыз алдағы жоспарларымен де бөлісті.
«Қазір мен дайындалып жатқан «Гауһар лиганың» ең айтулы кезеңі өтіп жатыр. Сол жерде медаль жеңіп аламын деп үміттенемін. Өкінішке қарай, Азия ойындары өтпейтін болды. Еліміздің Туын көтеремін деп жоспарлаған едім. Дегенмен, алда көптеген жаңа бастама күтіп тұр», - дейді ол.
Спортшымыз белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, рекорд орнатқан болатын.