Жаңалықтар

Отандастарымыздың сүйікті мекеніне айналған демалыс орындары

ашық дереккөзі

Отандастарымыздың сүйікті мекеніне айналған демалыс орындары

Жаз мезгілі демалатын, саяхаттайтын керемет кезең. Сондықтан көбіміз осы үш айды асыға күтеміз. Тек демалыс уақыты таяғанда таңдау жасай алмай, «қайда сапарлау» керек деп кібіртіктеп қалатынымыз бар. Ондай кезде ойға алдымен еліміздегі бірқатар демалыс орны мен Түркия, Дубай, Египет, Мальдив аралдары сияқты туризм саласы жақсы дамыған елдер орала кететіні бар. Соның ішіндегі ең көп сапарлайтын ел – бауырлас Түркия мемлекеті. Түркияға жол салғандардың дені теңіз жағасында тыныққысы келетіндер мен емделушілер. Өйткені, «аркадашларымыз» медицинасын да әлдеқашан заман талабына сай жаңғыртып алған. Бұл елде меймандарын мейірлене қарсы алатын қонақүйлердің саны да көп. Міне, осы сәтте сапарға шыққан жолаушылар қайсысын таңдарын білмей, жиі сарсаңға түседі. Анталия, Белек сынды қалаларда болғандардың көбі Calista қонақүйін ұсынады. Өйткені Calista Luxury Resort – халықаралық мәртебесі бар «Жасыл жұлдыз» марапатына ие Түркиядағы алғашқы қонақүйлердің бірі. Қонақ күтуде біршама жылдық тәжірибесі бар нысанның жалпы аумағы қозыкөш аумаққа созылып жатыр. Бұл маңнан қарағайлы орманды көресіз, табиғат пен теңіздің айрықша үйлесіміне көз сүйсіндіресіз. Жерорта теңізі жағалауының інжу-маржаны деп бағалауға да әбден лайық. Ал қарапайым, көпшілікке қолжетімді жеті нөмір бар десек, солардың бірі – Superior Garden View. 52 шаршы метр бөлмеге 3 адамға дейін жата алады. Қонақүй бөлмесінен керемет көріністерді тамашалауға мүмкіндік бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 6 бөлме де меймандарға камфорт сыйлайды, – дейді Шынаргүл Хабибуллина. Оның сөзінше, аталған кешеннің Bellum мейрамханасы дәмді ас мәзірімен қонақтардың көңілінен шығып, әлдеқашан жоғары бағасын алған. Әсіресе, туған күн немесе мерейтой құрметіне дастархан жаюда, ұмытылмас бал айын өткізушілерге қызмет көрсетуде Калиста командасы мүлтіксіз жұмыс істеуге әбден машықтанған. – Биыл Құрбан айттан кейін демалушылар қатары артты. Жаз мезгілінде көлге демалуға келушілердің ішінде Ресей азаматтары да бар. Шығыспен шекаралас аймақтан келіп жатқан адамдар бар. Ал өзіміздің отандастарымыздың басым бөлігі Ақтау, Қостанай, Торғай, Қарағандыдан көптеп келіп жатыр. – Карантин кезінде жанымыздағы қонақүйлермен бірлесіп жұмыс істедік. Қазақстан санаторлық құрылысының ассоциациясы бар. Сондағы қызметкерлермен кеңесіп, министрліктен келген ереже, нұсқаулықтарды назарға алып отырдық. Бәрінде жүз пайыз деп айта алмаймын әрине, тоқсан пайыздан асатын деңгейде санитарлық нормаларды сақтап жұмыс істедік. Карантиннің туристік потенциалды арттыруға да пайдасы тиді. Қыс мезгілінде барлық жекеменшік шипажай, біздің мемлекеттік шипажай елу мен алпыс пайыз көрсеткіші деңгейінде жұмыс істейтін. Шетелге шығуға шектеу қойылғаннан кейін біздің мекемемізге үлкен жарнама болды. Қазақстан азаматтары өз еліміздегі шипажайдың емінің нәтижесін, қызмет көрсету сапасын бағалайтын болды, – дейді  Қылышбек Берікұлы.