Созақта 59 градус ыстық болды

Созақта 59 градус ыстық болды

Созақта 59 градус ыстық болды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Созақ ауданында орналасқан өндірістік аймақтағы ауа райын көрсететін құрылғының фотосы тарады. Онда күн райының Цельсий бойынша +59 градусқа жеткенін көруге болады деп жазды turkystan.kz. Ал синоптиктер аптап ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.
«Қазір ауа райы Түркістан қаласында +42,3, Шымкентте +41,3 градус болып тұр. Қызылқұмда - 44, Қазығұртта - 40, Арыста -  43, Созақ ауданындағы Тасты ауылында 42 градус ыстық сақталып тұр. Сағат 15:00 мен 18:00 аралығында ыстық көтерілуі мүмін. Ал 23 шілде күні солтүстіктен салқын ауа келіп, күн райы 4 немесе 5 градусқа төмендеуі мүмкін», - деді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метеорология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.