Наурызбек Нұржаубайұлының 90 жылдығына арналған жыр кеші өтті

Наурызбек Нұржаубайұлының 90 жылдығына арналған жыр кеші өтті

Наурызбек Нұржаубайұлының 90 жылдығына арналған жыр кеші өтті
ашық дереккөзі
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Кендірлі ауылы әкімдігі, жыршы Бақтыбай Елеусіновтің ұйымдастыруымен «Кендірлі» мәдениет үйінде Орта Азияға танымал жырау Наурызбек Нұржаубайұлының 90 жылдығына орай Республикалық жыр кеші өтті деп хабарлады turkystan.kz. Қазақ ұлттық музыкасының ерекше түрлерінің бірі - жыраулық өнер. Есте жоқ ескі замандарда пайда болып, өз бойына бірнеше өнер түрін тоғыстырған жыраулық өнер өткен ғасырда Бесқала қазақтарының арасында жақсы сақталып қана қоймай, ерекше дамыды. Ал Бесқала жыр мектебінің ірі өкілдерінің бірі - Наурызбек жырау Раманқұлов еді. Кеште Наурызбек жырау мектебінің өкілдері: Өсербай жырау Сәрсенбаев, Амангелді Сәнкібаев, Әділбек Сарин, Абай Наурызбекұлы, Күнқожа Қайруллаев, Рүстем Батырбаев, Сәуле Жанпейісова, Сәрсенбай Рахманбердиев, Жүзімгүл Рейпназарова, Жақсыбек Барлыбаев, Қармыс Разбаев, Дәмегүл Ізбасарова, Жанар Нұрмұханова, Ғалымжан Жолдасбаев өнер көрсетті. Өнерпаздарға Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.