22 Желтоқсан 2016, 17:31 1398 0 Қоғам Ақниет ОСПАНБАЙ

Головкин - ең қауіпті боксшылар рейтингінде екінші орында

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты, - деп хабарлайды Vesti.kz. ТОП-5 тізімін НВО арнасының комментаторы Джим Лэмпли жасады.

"Геннадий Головкин - біздің заманымыздың ең мықты боксшысы. Ол қарсыластарына өзіне соққы жасауға мүмкіндік береді, кей кездері ол маңдайынан осылайша соққылар алып жатады", - деді Лэмпли өзінің The Fight Game with Jim Lampley бағдарламасында.

HBO арнасының жүргізушісі бірінші орынға украиналық Василий Ломаченконы (7-1, 5 КО) қойған. "Ол өз өмірінде ең қауіпті қарсыласпен шаршы алаңға шығып, бір соққы да тигізбей, керемет соққылар жасады. Ол осы әрекетімен, қазіргі уақытта оны жеңу - қиынға соғатынын дәлелдеді", - деді ол.

Сонымен қатар, үздік бестікке - никарагуалық Роман "Чоколатито" Гонсалес, америкалық Андре Уорд және ресейлік Сергей Ковалев кірді.

Соңғы жаңалықтар