Ауыл мұғалімі АҚШ-тың Флорида университетіне оқуға түсті

Ауыл мұғалімі АҚШ-тың Флорида университетіне оқуға түсті

Ауыл мұғалімі АҚШ-тың Флорида университетіне оқуға түсті
ашық дереккөзі
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлзия Құманқанға «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды деп хабарлады  turkystan.kz  bolashak.gov.kz-ке сілтеме жасап. Мұғалім АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Оңтүстік Флорида университетінде «Математикалық білім беру» мамандығы бойынша магистратурада оқиды. Педагог интернет желісіндегі онлайн сабақтар мен дәрістердің көмегімен ағылшын тілін бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгерген. Гүлзия шет тілін күніне 5-6 сағат бойы оқыды. Осының арқасында ол IELTS емтиханы бойынша 9 жоғары балдан 7 балл жинап, АҚШ-тың ең беделді жоғары оқу орнына түсті.
«Мен ауылдан шықпай-ақ, «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуден сәтті өттім. Қарапайым ауыл мектебінде оқыдым, қазір сол ауыл мектебінде жұмыс істеймін. Әлемдегі ең үздік университетте оқуға мүмкіндігім болатынын тіпті елестете де алмадым. Білім мен өзіңе деген сенім әрқашан қалаған нәрсеңе жетуге көмектесетініне сенімдімін. Шәкірттерім де әлемдегі ең үздік білім алғанын қалаймын. Олар менен үлгі алып, шабыттанады деп үміттенемін», - дейді Гүлзия Құрманқан.
Айта кетейік, Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен 2022 жылдың алғашқы ағынында стипендия 199 қазақстандыққа тағайындалды. Олардың ішінде 29 стипендия педагогтар мен оқытушыларға берілген.  width=