Жидек теруге шыққан әйелді атқан полицей жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)

Жидек теруге шыққан әйелді атқан полицей жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)

Жидек теруге шыққан әйелді атқан полицей жұмыстан шығарылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстандағы Бауман ауылының учаскелік инспекторы жұмыстан шығарылды деп хабарлады turkystan.kz. AstanaTV-ға сілтеме жасап.

10 күн бұрын елдімекенде жұртты дүр сілкіндірген жағдай болды. Құс атуға шыққан ер адам абайсызда далада жидек теріп жүрген әйелді атқан. Оқ жәбірленушінің кеуде тұсына тиген. Күдікті  оған бірден көмек көрсетпей,  ауылдың учаскелік полицейін шақыртуға кеткен. Ал әйелді туыстары тауып, ауруханаға жеткізбекші болады. Алайда ауыр жарақаттанған 51 жастағы әйел жол үстінде көз жұмған.  Құзырлы органдар бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.  Учаскелік полицейдің де осы іске қатысы бар- жоғы анықталып жатыр.