Ninety One тобының әншісі шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Ninety One тобының әншісі шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Ninety One тобының әншісі шаңырақ көтерді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
20 шілде күні Алматы қаласында атышулы топтың көшбасшысы Дулат Мұхаметқалидің үйлену тойы дүркіреп өтті деп хабарлады turkystan.kz. Көпшілікке ZAQ лақап атымен танылған әртістің шаңырақ көтергені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ninety One тобының өзге мүшелері той барысынан видео жариялап, Дулаттың үйленгенін ресми түрде растады. Белгілі болғандай, ZAQ-тың таңдауы Жадыра есімді аруға түскен. Қалыңдық жайлы әзірге көп ақпарат жоқ. Ал екі жастың қуанышында жігіт жолдас қызметін танымал жас актер Сануржан Сүлейменов болды. Айта кетсек, Дулат Мұхаметқали Ninety One тобында отбасын құрған екінші әнші. Бұған дейін топ солисі Батырхан Мәліковтің де отбасын құрғаны белгілі болған еді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ʙᴀʟᴀ~ʟᴏᴠᴇ ɴɪɴᴇᴛʏᴏɴᴇ❤️ (@luvninetyone)

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от One love, one rhythm ❤️ (@aceiento)