Елордалық тұрғын қалалық соттың алдында өзін өртемек болды

21 шілде, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Елордалық тұрғын қалалық соттың алдында өзін өртемек болды 20 шілдеде М. есімді азамат Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Оған «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. М.-нің түсініктемесі бойынша, ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып шықты. Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді құқықбұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.