Жаңалықтар

23 шілдеде OLIMPBET бәйгеден Қазақстан кубогінің II кезеңі өтеді

ашық дереккөзі

23 шілдеде OLIMPBET бәйгеден Қазақстан кубогінің II кезеңі өтеді

23 шілде күні Ақтөбеде OLIMPBET бәйгеден Қазақстан кубогінің II кезеңі өтеді деп хабарлады turkystan.kz. 5 кезең мен шешуші финалдық кезеңде жарысқа қатысушылар 100 миллион теңгеден астам жүлдені сарапқа салады. Биыл елімізде алғаш OLIMPBET бәйгеден Қазақстан кубогі ұйымдастырылып отыр. Алғашқы кезеңі Алматыда шілде айының басында өтті, екінші кезеңі Ақтөбе қаласында 23 шілдеде басталады. OLIMPBET бәйгеден Қазақстан кубогі үш турдан тұрады: құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге. Бірінші орын үшін жүлде қоры 2 миллионнан 4 миллион теңгеге дейін, 15 қазан күні Алматыда өтетін финалдық ойында жеңімпаздар 3 миллионнан 6 миллион теңгеге дейін алады. Екінші және бесінші орын аралығындағы жүлдеге таласушылар әр кезеңде және шешуші сында 100 мың мен 2,2 миллион арасындағы ақшалай сыйлықты сарапқа салады.