Жексенбі, 25 Қыркүйек, 2022

Жылқыны әдейі таптаған жүргізуші қамауға алынды

Жылқыны көлікпен қасақана таптаған ер адам 10 күнге қамалды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ақыры жазадан құтыла алмады. Өйткені бұл жайтқа ауылдың басқа тұрғындары өре түрегелген. Тіпті, жүргізушінің үйінің алдына жиналып, ашық наразылық білдірді.

Оқиға осыдан 4 күн бұрын Алматы облысында болған. 38 жастағы тұрғын жол талғамайтын көлігімен буаз жылқыны қасақана басып кетеді. Бұл әрекетін ол ауыл жылқыларының ауласына жиі кіріп, бау-бақшаны таптап кете бергесін жүйкем тозды деп түсіндірген. Бастапқыда ер адам мал иесімен мәмілеге келген екен. Алайда ауыл тұрғындары “жазықсыз малды өлтірген азамат бостандықта жүр” деп шу шығарған. Сот бүгін жылқыны басқан азаматты 10 күнге қамау туралы шешім шығарды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button