Мүгедектікке берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері белгілі болды

Мүгедектікке берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері белгілі болды

Мүгедектікке берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері белгілі болды
ашық дереккөзі
1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 217 млрд теңгеден астам қаражат төленді деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, маусым айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 30,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 10,5 млрд теңге бөлінді. 1 шілдедегі жағдай бойынша, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 539,6 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 189,9 мың адамға жетті.
«Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады», - делінген хабарламада.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 56 974 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 55 137 теңге.