Елордада Ермек Серкебаевқа арналған мурал пайда болды (ВИДЕО)
Елордада аты аңызға айналған опера әншісі Ермек Серкебаевтың құрметіне мурал пайда болды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Биіктігі 30 метрлік мурал Қараменде би Шақаұлы көшесіндегі бірінші үйдің қасбетіне салынған.
Ермек Серкебаев 1926 жылы Петропавлда дүниеге келген. Ол - қазақтың камералық опера әнішісі, актер, педагог, КСРО әртісі.