Жамбыл облысында зират аумағынан қару-жарақ табылды

Жамбыл облысында зират аумағынан қару-жарақ табылды

Жамбыл облысында зират аумағынан қару-жарақ табылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жамбыл облысы Полиция департаменті полицейлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның барысында зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған жасырын қойма табылды. Екі оқжатары бар «АКС-74У» автоматы, 9 мм калибрлі «ME-38 Marchal» травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Аноним қалатынына кепілдік беріледі.