Алматы облысында удай мас ауыл әкімі далада түнеген (ВИДЕО)

Алматы облысында удай мас ауыл әкімі далада түнеген (ВИДЕО)

Алматы облысында удай мас ауыл әкімі далада түнеген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы облысында мас болып, ен далада қалған ауыл әкімін тұрғындар тауып алды деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Тілі күрмеліп, әзер сөйлеп тұрған адам Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі Роман Қойлыбаев болып шықты. Оның көлік жүргізуге шамасы келмегенге ұқсайды. Өзін тас қараңғыда даладан тауып алған тұрғындарға әкім «зарядкасының өшіп қалғанын» айтып, көмек сұраған. Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысты қызметтік тексерістің жүргізілетінін жеткізді. Ал ауыл әкімі Қойлыбаевтың өзі келеңсіз қылығын түсіндіріп бере алмады. Айта кетсек, Роман Қойлыбаев Жамбыл ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.