Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Оқушылардың жазғы демалысы қысқаруы мүмкін

Алдағы оқу жылында оқушылардың жазғы демалысы қысқарып, оқу маусымы ұзаруы мүмкін. Бұл туралы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің тиісті бұйрығы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. 

Құжат 19 шілдеде жарияланды. Енді 2 тамызға дейін талқыланады.

«2022-2023 оқу жылында мектептерге қосымша екі оқу аптасы қосылды. Ол бір күн ішіндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, күрделі тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту – құқықбұзушылықтарды азайту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттану деңгейін төмендетуді көздейді», – деп жазылған Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің бұйрығында.

Бұған дейін оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылған болатын.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button