Қостанай облысында жол апатынан фельдшер көз жұмды

Қостанай облысында жол апатынан фельдшер көз жұмды

Қостанай облысында жол апатынан фельдшер көз жұмды
ашық дереккөзі
Қостанай облысында жол-көлік апаты орын алды. Салдарынан бір адам қаза болды деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 шілдеде Арқалық – Торғай автожолында болған. Chevrolet Nivа жүргізушісі дала жолынан тасжолға шыға берген тұста жол қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, бұрылыс жасаған. Соның салдарынан жолда келе жатқан Жангелді аудандық орталық ауруханасының «УАЗ» жедел жәрдем көлігіне соғылған.
«Салдарынан жедел жәрдем көлігінде отырған фельдшер көз жұмды. Әйел алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Санитарлық автокөліктің жүргізушісі жарақат алды», - делінген хабарламада.
Сараптама нәтижесінде Chevrolet Nivа көлігінің 32 жастағы жүргізушісінің мас болғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 3-тармағы «Адам өліміне әкеп соққан, жүргізушінің мас күйде жол ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.