Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды

Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды

Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғыз елінің Шолпан-Ата қаласына келді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді. Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.  width= Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.