Жаңалықтар

Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды

ашық дереккөзі

Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғыз елінің Шолпан-Ата қаласына келді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді. Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.