Елордада қай сала мамандарының жалақысы көтерілді?
Елордада қай сала мамандарының жалақысы көтерілді?
Еліміздің бас қаласында әлеумет, мәдениет, спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандардың жалақысы көтерілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандарының жалақысы көтерілді. Осылайша елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды», - делінген хабарламада.
Қала әкімінің айтуынша, әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және т.б. орындарда жұмыс істейтін, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30%-дан 50%-ға дейін көбейді.
- «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1,5 есе өсті;
- Кітапханашылардың жалақысы 30%-дан аса («Орталық кітапхана жүйесі» КММ), суретшілердің жалақысы 50%-ға өсті;
- Жергілікті полиция қызметінің жалақысы 30%-ға дейін көтерілді, азаматтық қызметкерлер (С, D санаттары және разрядтаушылар) 1,8 есе өсті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған дейін медицина қызметкерлерінің, педагогтердің, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын.