Қарағандыда бұзақылар көлікті иесінің көзінше ұрлап кеткен

Қарағандыда бұзақылар көлікті иесінің көзінше ұрлап кеткен

Қарағандыда бұзақылар көлікті иесінің көзінше ұрлап кеткен
ашық дереккөзі
Қарағандыда бұзақылар иесінің көзінше автокөлікті ұрлап кетті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 17 шілде күні Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне Металлург көшесінде жеңіл автокөлік ұрланғаны туралы хабарлама түскен.
«25 жастағы ер адам жұмыстан келіп, өзі тұратын жеке үйінің жанына көлігін қояды. Өз ісімен айналысып жүріп, көлікке қызығушылық танытып жүрген екі бейтаныс адамды байқайды. Артынша олар иесінің көзінше көлікке отырып, оны оталдырып, қашып кетеді», - делінген хабарламада.
Полицейлер ұрланған көлікті тауып, 28 және 30 жастағы ер адамды ұстады. Олар өз кінәларын толық мойындады. Көлік жәбірленушіге қайтарылды. ҚР ҚК 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.