Жеңіл атлетика: Каролин Чепкоеч жүлдеге іліне алмады

Жеңіл атлетика: Каролин Чепкоеч жүлдеге іліне алмады

Жеңіл атлетика: Каролин Чепкоеч жүлдеге іліне алмады
ашық дереккөзі
Жеңіл атлетикадан АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында 28 жастағы қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 000 метрге жүгіру сайысында жүлдеге іліне алмады деп хабарлады turkystan.kz. 25 спортшы сынға түскен жарыста Каролин қашықтықты 30 минут 17 секундта жүгіріп өтті. Айта кетейік, ол - әйелдер арасында 10 000 метр қашықтыққа жүгіруден әлем чемпионатына қатысқан алғашқы отандық желаяқ. АҚШ-тағы әлем чемпионатында 30:09,94 көрсеткішпен эфиопиялық Гидей Летесенбет жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені кениялық желаяқ Хеллен Обири (30:10,02) иеленді. Қола жүлде де кениялық Маргарет Кипкембой (30:10,07) еншісінде кетті. Отандасымыз Каролин Кипкируи мәре сызығын жетінші болып кесті. Еске сала кетейік, АҚШ-тағы әлем чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады.