Қазақстанда бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар сатылуда

Жыл басынан бері Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 706 ойыншық анықталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келмеді. Бұл 47,1%-ды құрады. Оның ішінде, отандық – 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 59 (8,4%), басқа елдер – 638 (90,3%)», – деп атап өтті комитет өкілдері.
Заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзуға қатысты – 97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша 3,3% жағдай анықталды. Санитариялық-химиялық бойынша 23 үлгіде қауіпсіздік көрсеткіштері асып кеткен.
Оның ішінде:
– ксилол-5 ойыншық (Novel special «Рыбалка» ойын жиынтығы, Fighting Eagle тапаншасы, 6+ жастан асқан балаларға арналған «GYROSCOPE SERIES», пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыс жиынтығы);
– бензол — 4 ойыншық («FREEZE II» қуыршағы, «Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы, «THUNDERCYRO» балаларға арналған пластмассадан жасалған ұшатын диск ойыншығы, ҚХР ыдыстар жиынтығы);
– фенол — 3 ойыншық («Вкусняшка» антистресс ойыншығы, «Lovely baby» қуыршақ ойыншығы, «Юла» балалар ойыншығы);
– гептан — 2 ойыншық ( «Военный» ойыншық жинағы, пианино «Little musicial» балалар ойыншығы);
– формальдегид — 3 ойыншық (автомобиль трансформаторы Мини W ТОБОТ, «Қуыршақ» ойыншығы, ҚХР ыдыс жиынтығы);
– этилацетат — 1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы);
– стирол — 2 ойыншық (пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыстар жиынтығы),
метил спирті – 1 ойыншық («Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы),
изопропил спирті – 1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы),
изобутил спирті — 1 ойыншық ( «Baby Shop қуыршағы).
Анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіріліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.
21,5 кг ойыншықтар сауда кәсіпорындарында сатудан алынды.