Жаңалықтар

Ауыл тұрғындары жылқыны әдейі таптаған жүргізушінің үйіне барды

ашық дереккөзі

Ауыл тұрғындары жылқыны әдейі таптаған жүргізушінің үйіне барды

Көлігімен жылқыны қасақана таптаған Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғынына жұрт наразылық білдірді. Ауыл тұрғындары оның үйіне барған деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тұрғындар түнгі уақытта жүргізушінің үйіне барып наразылық білдіргенін байқауға болады. Бұл жағдайды Полиция департаменті растады. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары олармен түсіндіру жұмысын жүргізген. «Үйінің жанына шамамен 20-25 жергілікті тұрғын жиналды. Хабарлама аудандық полицияның кезекші бөліміне келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу патрульдік полиция наряды мен Іле АІІБ басшылығы барды. Полицейлер жиналған бір топ адаммен түсіндірме әңгіме жүргізді, содан кейін барлығы үй-үйіне тарады», – деді полицей.