Жаңалықтар

Қазақстан балуандары Тунистегі турнирде жеті медаль жеңіп алды

ашық дереккөзі

Қазақстан балуандары Тунистегі турнирде жеті медаль жеңіп алды

Еркін күрестен Қазақстан командасы Тунистегі рейтингтік турнирде жеті медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Алтыннан алқа тағынғандар – Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әбдіманап Байгенжеев (92 келіге дейін). Екінші орында Талғат Сырбаз (70 келіге дейін), Болат Сақаев (79 келіге дейін) және Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін). Адлан  Асқаров (65 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) турнирді үшінші орында аяқтады. Командалық есепте Қазақстан үшінші орын алды.