Жаңалықтар

Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады

ашық дереккөзі

Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова баспасөз мәслихатында бас қалада эпидемиологиялық ахуал нашарлағанын айтты деп хабарлады  turkystan.kz. «SARS-Cov-2 вирусы омикрон штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап,  күрделі күйде қалып отыр. 22 маусым мен 5 шілде аралығында, яғни 2 апта ішінде 414 жағдай тіркелген болса, соңғы 2 аптада КВИ бойынша 3 970 жағдай анықталды. Сырқаттану көрсеткіші 9,5 есеге артты», - деп атап өтті қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері.  Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша елорда «сары» аймаққа жақындады. Маусым айында КВИ-мен ауырған науқастардан алынған 30 оң сынамасына молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізілген. Нәтиже көрсеткендей, 30 (20%) үлгінің 60-ы генетикалық сызыққа тиесілі. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері BA.1 Omicron түрі,  ал 30 үлгінің  9-ы ВА.5 Omicron-ға жататынын айтты.