Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларына арналған сайт ашылды

Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларына арналған сайт ашылды

Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларына арналған сайт ашылды
ашық дереккөзі
Оңтүстік астанамызда қоғамдық көлік жолаушыларына арналған сайт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Енді кез келген жолаушы alatransit.kz сайты арқылы қаладағы барлық қоғамдық көлік бағдарлары мен аялдамалар туралы ақпаратты білетін болады және желідегі автобус пен троллейбустың қозғалысын бақылай да алады. Сонымен қатар, сайттан тариф туралы мағлұмат, жолаушыларды тасымалдау ережелері мен велосипедтер жалға берілетін бекеттер туралы ақпаратты білуге болады. Айта кетерлігі, сайтта арыз-шағымдарға, қала тұрғындарының сұрақтарына да орын берілген. Интернет ресурс «Алматы қаласының тұрақты транспорты» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Сайт қазақ және орыс тілінде ақпарат таратады. Жақында ағылшын тіліндегі нұсқасы іске қосылады.