WBA Головкинді тағы бір қарсыласпен кездесуге міндеттеді

WBA Головкинді тағы бір қарсыласпен кездесуге міндеттеді

WBA Головкинді тағы бір қарсыласпен кездесуге міндеттеді
ашық дереккөзі
Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жаңа қарсыласы анықталды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) Головкинді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуге міндеттеді. Badlefthook.com мәліметінше, Головкин мұны мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орындауы керек. Еске салсақ, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді: Канелоның барлық титулы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл оның жаңа салмақтағы дебюті болмақ.