Ресейде коронавирустың жаңа түрі табылды

Ресейде коронавирустың жаңа түрі табылды

Ресейде коронавирустың жаңа түрі табылды
ашық дереккөзі

Дәрігерлер Мәскеуде коронавирус жұқтырған бес пациенттен вирустың «Кентавр» деп аталатын кіші түрін анықтады деп хабарлады turkystan.kz. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметі бойынша, науқастарда ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Олардың ешқайсысы ауруханаға жатқызылмаған. Соңғы екі аптада Ресейде анықталған коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайының ішінде омикронның кіші түрлері - BA.4 және BA.5 штамдарының үлесі 51,76%-ға жетті. Омикрон штамының өзі 1,85%-ында, дельта нұсқасы 0,73%-ында анықталған. «Кентавр» - коронавирустың «омикрон» штамының жаңа кіші түрі. Бұл коронавирустық мутация Үндістанда және кем дегенде он елде, соның ішінде Нидерланд, Австралия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Канадада табылды. Аққулар коронавирусын жұқтыру жағдайы алғаш рет Қытайдағы Цзянси провинциясында тіркелді. АҚШ биология ғылымдарының докторы құстардағы коронавирус COVID-19-дан да қауіпті мутацияға ұшырауы мүмкін екенін айтты.

«Жыл құстарының өмір салтына байланысты аққулар қысқа мерзімде бұл мутацияның кең қашықтыққа таралуына ықпал етуі мүмкін. Ғалымдар коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі вакцина екенін айтады», - деп жазылған хабарламада.