Қонаев қаласында есірткі дайындайтын зертхана табылды

Қонаев қаласында есірткі дайындайтын зертхана табылды

Қонаев қаласында есірткі дайындайтын зертхана табылды
ашық дереккөзі
Арнайы операция жүргізу барысында Қонаев қаласынан 5 шақырым жерде синтетикалық есірткі жасайтын орын анықталды деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. Есірткі зертханасы кісі тұрмайтын екі үйдің қоршалған учаскесінде орналасқан. Ол жерде мефедрон өндіретін арнайы қондырғылар орнатылған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, нысанды тексеру кезінде 1999-2001 жылғы үш жігіт ұсталды. Олардың бірі Алматы қаласының және тағы екеуі Іле ауданының тұрғыны болып шықты.
«Сұйықтық пен ұнтақ сақталған пластикалық контейнерлер табылды. Сондай-ақ өлшегіш шкала, сорғыш, респираторлы маскалар, цилиндрлі металл ыдыстар және т.б. заттар бар. Сараптама барысында жалпы массасы 52,86 грамм «мефедрон» есірткісі табылды. Арнайы операция кезінде 2 тоннаға жуық химиялық зат тәркіленді. Қазір аталған фактіге ҚК 297-бабы бойынша іс қозғалып, қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдар Әбдікенов.
Ұсталғандардың бірі қамауға алынды, қалған екеуіне қатысты «келіп көрініп тұру міндеттемесі» түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қабылданды.  width=