Жаңалықтар

Жылқыны әдейі таптаған жүргізуші кешірім сұрады

ашық дереккөзі

Жылқыны әдейі таптаған жүргізуші кешірім сұрады

Көлігімен жылқыны әдейі басқан Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz. Видео әлеуметтік желіде тарады. «Жылқыны басып кеттім. Осы әрекетім үшін кешірім сұраймын. Жүйкем сыр берген еді. Өйткені егістігімді таптап кетті. Жануардың иесінен кешірім сұраймын. Әрине, менің тірлігім дұрыс емес. Кінәмді толығымен мойындаймын», - деді айыпты азамат.  Еске сала кетейік, Алматы облысында 38 жастағы тұрғын ауылдасымен жанжалдасқаннан кейін көлігімен жылқыны басып кеткен еді. Кейін Алматы облысының Полиция департаменті іс екі тараптың келісімге келіп, татуласуымен аяқталғанын мәлімдеді.