ЕGov mobile-да деректерді тіркеу жеңілдеді

ЕGov mobile-да деректерді тіркеу жеңілдеді

ЕGov mobile-да деректерді тіркеу жеңілдеді
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасына енді eGov mobile-да тек биометриялық деректер арқылы тіркелуге болатынын жазды деп хабарлады turkystan.kz. Яғни, бұдан былай, бұрынғыдай СМС-хабарлама күтудің қажеті жоқ және пайдаланушылардың деректерінде қауіпсіздік сақталады.
«Қазір eGov mobile, бұл -  өте ыңғайлы қосымша және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алатын қызметтерді осы жерден жылдам алуға болады. Атап айтқанда, 400 мемлекеттік қызмет және жеке тұлғаларға арналған e-license қызметтері, жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін қоса алғанда, 18 сандық құжат бар», – деді министр.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметтерді телефоннан жылдам алуға көмектесетін мүмкіндіктерді іске асыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
«Биометриялық деректер арқылы тіркелуге тоқтала кетсем. Digital ID жүйесі арқылы алдын ала бейне-сәйкестендіруден өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу қажет. Өзім арнайы кіріп көрдім, 2-3 минут уақытымды алды. Қазір әріптестеріміз қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді телефоннан жылдам алуға көмектесетін мүмкіндіктерді іске асыру бағытында тиісті жұмыстар атқаруда» деп жазды Бағдат Мусин.