Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады

Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады

Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады
ашық дереккөзі
Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштері баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаздың осындай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз болып отыр.
- Ақпаратты растаймыз. Қазіргі таңда әскери қызметкердің өліміне қатысты тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК 201-бабына байланысты жариялауға жатпайды, - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған әскери қызметкердің артында бес баласы қалды. Айта кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы сынақ алаңында әскери қызметкерді әріптесі атып тастаған болатын. Оның туыстары Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сенбейді. Өйткені Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары жігітті алдымен өзі, кейін тағы да қоңырау шалып сарбазды досы атып тастады деп хабарлаған. Тағы оқи отырыңыз: Ұлттық ұлан Павлодарда қайтыс болған әскери қызметшіге қатысты мәлімдеме жасады