Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды. Екінші орынбасар – Дәулет Ерғожинді ұстау мерзімі 13 тамызға дейін ұзартылды» деп жазылған хабарламада.
Бүгінде Кәрім Мәсімовтің қамауда отырғанына 6 ай болды. Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр:
  • «Мемлекетке опасыздық жасау»;
  • «ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;
  • «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер»;
  • «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»;
  • «Пара алу».