Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

19 шілде, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды. Екінші орынбасар – Дәулет Ерғожинді ұстау мерзімі 13 тамызға дейін ұзартылды» деп жазылған хабарламада.
Бүгінде Кәрім Мәсімовтің қамауда отырғанына 6 ай болды. Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр: