Жаңалықтар

AMANAT партиясы ұйымдастырған көпкүндік ультрамарафон аяқталды

ашық дереккөзі

AMANAT партиясы ұйымдастырған көпкүндік ультрамарафон аяқталды

AMANAT партиясының «Halyk Bank» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған көпкүндік ультрамарафон қатысушылары мәреге жетті. Олар 800 шақырым жолды жаяу жүгіріп өтті деп хабарлады turkystan.kz. - Әрине, марафон қиындықтарсыз өтпеді, шаршадық. Мен алғаш рет күн сайын супер марафоннан (42 км-ден асатын қашықтық) өту үшін жүгірдім. Менің алдыңғы рекордым 107 км болды, - деді ультрамарафоншы Евгений Белов. Мәреден өткеннен кейін марафонның барлық қатысушыларына, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы кездесулерді ұйымдастырушыларға AMANAT партиясының алғыс хаттары табыс етілді.