AMANAT партиясы ұйымдастырған көпкүндік ультрамарафон аяқталды

AMANAT партиясы ұйымдастырған көпкүндік ультрамарафон аяқталды

AMANAT партиясы ұйымдастырған көпкүндік ультрамарафон аяқталды
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының «Halyk Bank» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған көпкүндік ультрамарафон қатысушылары мәреге жетті. Олар 800 шақырым жолды жаяу жүгіріп өтті деп хабарлады turkystan.kz. - Әрине, марафон қиындықтарсыз өтпеді, шаршадық. Мен алғаш рет күн сайын супер марафоннан (42 км-ден асатын қашықтық) өту үшін жүгірдім. Менің алдыңғы рекордым 107 км болды, - деді ультрамарафоншы Евгений Белов.  width= – Шарбақты-Успенка қашықтығында алдымен бүйірден жел соғып, ауа райы күрт нашарлады. Сол кезде мен Пушкиннің өлеңдерін оқыдым, бірақ ауа  райын поэзиямен тыныштандыру оңай емес, сондықтан бұл қашықтықты жеңу қиын болды. Жолда бірнеше рет КХ жігіттері көмек, тамақ ұсынды, тіпті көлікпен алып жүруді ұсынды. Барлығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Ультрамарафон кезінде менің көптеген достарым мен серіктестерім болды», - деді марафонға қатысушы полиция подполковнигі Ирина Тимиргалиева.  width= Мәреден өткеннен кейін марафонның барлық қатысушыларына, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы кездесулерді ұйымдастырушыларға AMANAT партиясының алғыс хаттары табыс етілді.  width= – Спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және нашақорлыққа қарсы күрес-осы ультрамарафонның негізгі идеялары. Партия мұндай жоғары мақсаттарды үнемі қолдайды. Спортшылардың күш – жігерін, батылдығын және табандылығын көрсету – әрбір қазақстандық үшін лайықты үлгі, - деп атап өтті AMANAT партиясының Павлодар филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Айнұр Мұхамедьярова. Марафоншылар мұнымен тоқтамақ емес. Олар енді жалпы ұзындығы 5 мың шақырым болатын қашықтыққа жүгіруге дайындалмақ.