Алматыдағы атыстан бір адам қаза тапты

Алматыдағы атыстан бір адам қаза тапты

Алматыдағы атыстан бір адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Алматы облысы Талғар ауданында атыс болып, бір адам оқиға орнында қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жанжалдасып қалған адамдар бір-бірімен таныс болып шықты.
«18 шілде күні Талғар ауданында 8 жергілікті тұрғынның арасында кикілжің туындаған. Олар қару қолданған. Салдарынан түрлі дене жарақатымен екі ер адам ауруханаға түсіп, оның біреуі сол жерде көз жұмды. Қазір барлық адам анықталып, ұсталды. Қазір аталған факті ҚК-тің 103, 293-баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», – деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.