Жаңалықтар

Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь жұмысы қайта жанданды

ашық дереккөзі

Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь жұмысы қайта жанданды

«Отандастар қорының» ұйымдастыруымен 12-17 жас аралығындағы шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагердің ашылу салтанаты өтті деп хабарлады turkystan.kz.  Айтулы іс-шара Щучье көлінің оңтүстік шығыс жағалауында орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебінің базасында 17-28 шілде күндері аралығына дейін жалғасады. Жазғы демалыс кезінде жастар STEM, робототехника, кәсіпкерлік, жобаларын басқару дағдыларын үйренеді. Аталған іс-шараға Франция, Түркия, Иран, Қырғыз Республикасы, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейден 84 қазақстандық жеткіншек келді. Лагердің ашылу салтанатында «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы атажұртқа келген балаларды "Балалар жылымен" құттықтап, оларға жақсы демалыс тіледі. «Әр елден келген қазақ балалары мұнда бірін-бірі тек қазақ тілінде сөйлеу арқылы түсінісе алады. Осылайша олар қазақ тіліне деген құштарлықтарын оятып, ана тілінің қадір-қасиетін тереңірек ұғына бастайды», - деді А.Сапарбекұлы.