Жаңалықтар

Өзбекстан мен Тәжікстан визалық жүйені жеңілдетеді

ашық дереккөзі

Өзбекстан мен Тәжікстан визалық жүйені жеңілдетеді

Өзбекстан вице-премьері Рустам Азимов бастаған үлкен делегация Душанбеге 26 желтоқсанда келеді. Олар сауда-экономикалық әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына қатысады. Душанбедегі кездесулерде тараптар 2000 жылы қыркүйекте енгізілген визалық жүйені жеңілдетуге қатысты мәселелерді талқылайды. Тәжікстан мен Өзбекстан екі ел арасында теміржол және автокөлік қатынасын жақсартуға келіседі. Тәжікстан үкіметіндегі дереккөздің хабарлауынша, жақын уақытта екі елдің шекарасында жаңа бақылау және өткізу пунктері ашылады. 2017 жылдың басында Ташкент Душанбеде өзбек туындылары мен тауарларының үлкен көрмесін өткізуді жосапарлап отыр. Көрме нәтижесі негізінде тарихта алғаш рет тәжік және өзбек іскер топтарының бизнес-форумы өтеді. Екі мемлекет жақында студент алмасу мәселесін де талқылайды.