Көлігімен жылқыны таптаған жүргізуші жазадан құтылды

Көлігімен жылқыны таптаған жүргізуші жазадан құтылды

Көлігімен жылқыны таптаған жүргізуші жазадан құтылды
ашық дереккөзі
Алматы облысының Полиция департаменті көлігімен жылқыны таптаған жүргізушіге қатысты іс екі тараптың келісімге келіп, татуласуымен аяқталғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Көлігімен жылқыны басып кеткен Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны иесіне малдың құнын төлеген. Осыған байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
«Екі тараптың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ол жылқы иесіне келтірілген залалды толық өтеді. Жылқыны басқан автокөлік жүргізушісіне қатысты мал иесінің шағымы жоқ», – деді департаменттен.
Мал иесі көлік басып кеткен жылқысын сойып алуға мәжбүр болған. Ал көлік жүргізушісі ашулы күйде болғасын осындай әрекетке барғанын айтты.