Жаңалықтар

Ауыл әкімі көп кітап оқыған балаларға қозы сыйлады

ашық дереккөзі

Ауыл әкімі көп кітап оқыған балаларға қозы сыйлады

Түркістан облысы Ордабасы ауданы ауылдық округінің әкімі оқушыларды жазғы демалыста смартфоннан алыстатып, уақыттарын тиімді өткізу үшін байқау жариялады деп хабарлады turkystan.kz Экспресс К басылымына сілтеме жасап. Байқау талабы бойынша округте ең көп кітап оқыған оқушыларға сыйлыққа қозы беріледі. Бұл – ауылдық округ әкімінің идеясы. «Бізде аудан әкімінің қатысуымен апта сайын әкімдіктің аппарат отырысы өтеді. Сол жиындардың бірінде басшымыз «Өздерің де жассыңдар ғой, мен қашанғы идея айта беремін» деп ренжігені бар. Негізі, біздің ауданда 10 ауылдық округ болса, соның сегізінде жас әкім. Біздің ауылдық округтің әкімдік ғимаратында wi-fi желісі ашық. Кез келген адам келіп қосыла алады. Жазғы демалыс басталғалы бері балалар әкімшілік ғимаратын жағалай бастады. Бәрінің қолында бір-бір телефон. Үңіліп отырады. Бірнеше рет ескерту жасап, қайтарып жібергенімізбен айналып қайта келеді. Содан олардың көңілін аулау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында осындай идея туындады. Бұл идеяны өзімнің достарыма да айттым. Олар бірден қолдау білдіріп, демеушілік жасайтындарын жеткізді», - деді ауылдық округ әкімі Серғали Құрымбеков.